Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

2021 жылдың 22 сәуір 2021 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адам 10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2017 жылдың соңында 30 жастағы Альберт Хасиев 42 жастағы әйелді өлтірген. Ер адамның қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде істегені анықталды.

«Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев атты азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны пышақттап тастаған. Ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеті анықталып, күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

А. Хасиев 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай