Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда су басу қаупі бар аймақтар коммуналдық қызметтердің бақылауында

2021 жылдың 16 тамыз 2021 18:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда су басу қаупі бар аймақтар коммуналдық қызметтердің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, коммуналдық қызметттерінің және аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының күштері мен құралдары қауіпті аймақтарға алдын ала жіберілді. Жауын-шашынға дейін инертті материалдар дайын болды.

Бүгін 16 тамыз күні су басып қалған 10 оқиға тіркелді, оның 5-і қалпына келтірілді. Қалған 5 мекенжайда суды сору және арықтарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Медеу ауданына қарасты Есенберлин көшесіндегі № 221 үйдің жанында су жиналып қалды. Мұнда коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері арық желісін тазартып жатыр.

Сонымен қатар, Ө. Жәнібеков көшесіндегі 76-үйдің ауласына да су жиналып қалған. Бұл жерде коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері жұмыс істеуде.

Алмалы ауданының Абай даңғылы бойындағы Наурызбай батыр көшесінің қиылысында, Мұқанов көшесіндегі 172-үйдің жанында; Бруно көшесіндегі 1-үйдің жанында жиналған су сорғызылып, арық желісі тазартылып жатыр.

Розыбакиев көшесі 5 «а», Қарасай батыр көшесі 315; Брусиловский көшесі 100а-үйіндегі аулада су жиналған. Бұл жерлерге де коммуналдық ұйымдардың күштері жіберілді.

Алатау ауданында коммуналдық қызметтер «Қарасу» шағынауданындағы Аралқұм көшесіндегі 22-үйге барды.

Жетісу ауданында Райымбек даңғылындағы «Нұрым» мейрамханасының аумағында инженерлік коммуникациялар жұмыс істеп жатыр.

Су басып қалудың басты себебі – арық желісін тұрмыстық қалдық бітеп тастаған.

Еске салсақ, бұған дейін ТЖД 2021 жылғы 14 тамыздағы №28 ескертуі бойынша кей жерлерде жауын-шашынның, беткейлерде көшкіннің болуы мүмкін екенін, өзендерде су деңгейінің көтерілгенін хабарлаған болатын.


Жоғары қарай