Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда созылмалы ауруы бар тұрғындардың 10 пайызы екпе алды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 13:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда вакциналау жүйелі түрде өтіп жатыр. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, қалада коронавируске қарсы вакцинаның бірінші компонентін 240 мыңдай адам салдырған. Вакцина адамдардың тұрғылықты тіркеу жеріне қарамастан жаппай салынып жатыр.

«Осы күнге дейін вакцина алғандардың басым көпшілігін медицина қызметкерлері құрап отыр. Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері мен созылмалы ауруы бар есепте тұрғандардың 10 пайызы екпе алды. Қазір вакциналау бойынша егде жастағы адамдар белсенділік танытып жатыр. Осы уақытқа дейін 60 жастан асқан 31 мың адам өз еріктерімен келіп, вакцина алған. Тіпті 90 жасқа келгенқарттардың арасында вакцина салдыру таңқаларлық жағдай емес. Оларда ешқандай қиындық болмады, әр адамда тек екпе алсам деген ниет болу керек», - деді Гүлнар Ысқақова.

Сонымен қатар ол вакцинаның екі компонентін алғандарға вакцина алғаны туралы паспорт тағайындалатынын айтты.

«Екпе алғандардың барлығы ДСМ-нің ақпараттық жүйесінің базасында тіркеуге алынады. Екінші компонентті алған соң вакцина алғаны туралы паспорт жасалады, ол үш тілде шығады. Бұл паспорт қағаз түрінде қолға берілмейді. Оны кез келген адам электронды үкімет порталында немесе қосымшасы арқылы жүктей алады», - деді ол.


Жоғары қарай