Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда синтетикалық есірткі жасауға арналған шикізат тәркіленді

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 11:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда синтетикалық есірткі өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды.Тінту кезінде 80 литрлік төрт бөшке, 100 гр «Мефедрон» тәркіленді.

«Белгілі болғандай, есірткіні 1976 жылы туған К. есімді азаматтың құрған тобы дайындап келген. Біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойдық. Заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертхана ашуға арналған материалдар алынды. Тінту жүргізгенде ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр, екі полиэтилен орама, магнит араластырғыш тәркіленді»,– дейді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химия сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ақ ұнтақ заттың «Мефедрон» екені анықталды.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді.

Күдікті К. есімді азамат қамауға алынды.


Жоғары қарай