Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда сенбі-жексенбіде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

2020 жылдың 16 қазан 2020 12:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Демалыс күндері Алматы қаласының екі ауданында Жамбыл облысы фермерлерінің қатысуымен кеңейтілген жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегополисте азық-түлік белдеуін құру және Жамбыл облысы мен Алматы қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында 17-18 қазан күндері «Астана» орталық алаңында (Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін) және «Алатау» (Нұркент ықшамауданы, 6) концерт залының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жамбыл облысы өнім өндірушілері жәрмеңкеге жалпы құны 162,1 млн теңгені құрайтын 360 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады.

Оның ішінде 36 тонна ет (жылқы, сиыр, қой еті және тауық еті), 9 тонна шұжық өнімдері, 27 тонна сүт өнімдері, 10 мың дана жұмыртқа, 3 тонна кондитерлік өнімдер мен 9 тонна макарон өнімдері, 10 тонна қант, 4 тонна ұн, 1 тонна тұз, 5 тонна балық, 11 тонна өсімдік майы, 6,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 82,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің бағасы нарық бағасынан 8-20 пайыз төмен болады.

Ауыл шаруашылығы жәрменкесі таңғы 8:00-ден кешкі сағат 17:00 дейін 2 күн бойы өтеді.

Айта кетейік, шара өтетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде маска режимін, қол гигиенасын және әлеуметтік қашықтықты берік ұстану қатаң талап етіледі.


Жоғары қарай