Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда Сайран көлінің жағалауы абаттандырылады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 17:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындармен кездесу барысында Сайран көлін абаттандыру мен түйткілді мәселелерді шешуге жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл Сайран көлін абаттандыру, соның ішінде көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.

«Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Биыл шілде айында жобалық-сараптамалық жұмысқа қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Жағалау аймағын ретке келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту мәселесі қыркүйек айында аяқталады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі III тоқсанда Сайран көлінің түбін тазарту және абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмысына қаржы бөлу мәселесі қаралатынын жеткізді.





Жоғары қарай