Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қосымша шаралар қабылданды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 14:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қосымша шаралар қабылданды. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды назарда ұстап, адамдар арасында жұқтыруды төмендету үшін арнайы шаралар қабылданды. Енді әрбір кәсіпорын жаңа санитарлық талапқа сай жұмыс істейді. Мәселен, әрбір кәсіпорын қызметкерлерінің 10% тестіден өткізу қажет. Бұл еңбек ұжымдарының арасында жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. infokazakhstan.kz сайтында қуаттылығы және қызмет көрсету бағалары көрсетілген 12 медициналық лаборатория тізімі жарияланады. Тестілеумен шамамен ірі жүйеқұрушы кәсіпорындардың шамамен 25 мың қызметкерін қамту жоспарлануда», – дейді Нұрлан Оразалин.

Негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қосымша қабылданған шаралар:

- видеомониторинг – санитарлық нормалардың сақталуы бойынша видеобақылау (маска режимі, әлеуметтік қашықтық, температура режимі).

- қоғамдық бақылау – халықты санитарлық нормалардың жаппай сақталуына тарту мақсатында жұмыс топтары құрылады.

Жоғарыда аталған шаралар аясында жағдайға жалпы мониторинг жүргізу үшін жылу картасы құрылады, оның базасында әрбір нысан бойынша баға беру және санитарлық талаптардың сәйкестігіне категория беріледі:

Жасыл – санитарлық нормаларға толығымен сай келу (бейнебақылау жүйесін орнатқан жағдайда және ай сайын қызметкерлердің жалпы санынан 10% тест жүргізу);

Қызғылт сары – жартылай сай келуі (бейнебақылау жүйесін орнатқан жағдайда қызметкерлердің жалпы санынан кемінде 10% ай сайын тест жүргізу );

Қызыл – санитарлық номаларға сай келмеу (қоғамдық бақылау зерттеулерін жүргізу нәтижесінде тәртіпбұзушылықтарды анықтау).


Жоғары қарай