Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда салынып жатқан ғимарат өртенді

2020 жылдың 3 маусым 2020 15:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 13:55– те «101» пультіне Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

« Өрт сөндіру бригадасы шұғыл түрде аталған мекенжайға жіберілді. Жалын салынып жатқан ғимараттан шыққан. Шұғыл жүргізілген шаралардың арқасында қызыл жалын сағат 14:14 - де ауыздықталды. Өрт аумағының көлемі анықталуда», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге барлығы 17 жеке құрам мүшесі мен 4 техника жұмылдырылған. Жалын толығымен өшірілді. Ғимараттың шатырында сондай-ақ газ баллоны жарылғаны анықталды.

Бұған дейін Алматыдағы Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шыққандығы хабарланған болатын.

Тілісіз жауды ауыыздықтауға 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай