Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда психологиялық ауытқуы бар 16 жастағы қыз жоғалып кетті

2020 жылдың 10 наурыз 2020 19:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда психологиялық ауытқуы бар 16 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екатерина Мелкова 6 наурыз күні Гоголь, 20 мекенжайынан шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмады.

Қыздың жақындары психологиялық ауытқуы болғандықтан, үйге қайтар жолды ұмытып, адасып кеткен болар деп топшылап отыр .

Бойжеткеннің үстінде түрлі-түсті күрте мен жасыл шалбар болған.

Қыздың ата-анасы Жетісу аудандық ІІБ арызданды.

«Қазір бойжеткенді іздестіру бойынша арнайы тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция, жасөспірімдер ісі бойынша полиция бөлімшесінің мамандары, учаскелік инспекторлар кірді. Мұның алдында да бұл қыз үйінен кеткен. Қазір оның айналасы, араласатын ортасы тексеріліп жатыр. Бойжеткен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылады деген үміттеміз», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай