Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда полицияның жаяу полкі 57 қылмысты ашты

2020 жылдың 11 тамыз 2020 14:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция полкінің жаяу қарауылдауды күшейтуінің арқасында қалада криминогенді ахуал біршама жақсарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала 102 патрульдік учаскеге бөлінген.

Қалада жалпы 2020 патрульдеу маршруты сызылған. 478 маршрут бойынша автопатруль шықса, 55 стационарлық поста полиция қоғамдық тәртіпті бақылайды. Қаланы жаяу партульдеуге 1140 полиция қызметкері қатысады.

Олардың жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 57 қылмыс ашылды. 3500 адам жауапкершілікке тартылды.

«19 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланғалы бері жаяу қарауылдау тоқтатылып, жеке құрамның жұмысы карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарына бағытталған болатын. Қазір полиция парктер мен скверлерде, адам көп шоғырланған жерлерде рейд шараларын жүргізуге жұмылдырылған», - деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.


Жоғары қарай