Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

2021 жылдың 14 маусым 2021 09:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған.

Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Хюндай элантра» көлігінің жүргізуші Өтемісұлы көшесінің өңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні - С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ «Газель» автокөлігіне соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай