Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда полиция қызметкері көз жұмды

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаралы хабарды Алматы қалалық полиция департаменті растады.

«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды», - деп хабарлады департаменттен.

Өкінішке қарай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде 16 полиция қызметкері қылмыскердің қолынан қаза тауып, 1300-ден астам сақшы мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ, Оқиға,
Жоғары қарай