Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап кетті

2021 жылдың 2 наурыз 2021 14:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне шыққан 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге ескерту жасамақ болып көтерілген.

«Полицей жасөсіпірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізу кезінде сүрініп, төменгі қабатқа құлап кеткен. Қазіргі уақытта оған операция жасалды, бірақ жағдайы ауыр. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша хаттама жасалды. Жасөсіпірімдер қауіпсіз жерге шығарылды. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлады полициядан.

Осы оқиғаға байланысты жарақат алған полицейдің қарындасы әлеуметтік желі арқылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрады.

«Бақытжан Сағынтаев мырза, қандай дәрігер мамандардың көмегі қажет екенін анықтап, бауырымның өміріне араша түсуіңізді сұраймын. Оның 3 баласы, аяғы ауыр әйелі, 80-ге келіп қалған қарт анасы бар. Сондай-ақ, бірнеше жылдан бері үйді салып бітірмеген құрылыс мекемесі басшылығын жауапқа тартуыңызды сұраймын»,- деді ол.

Фото: Facebook/Даначка Рахимова
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай