Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда пневмониямен көбінесе әйелдер ауырады

2020 жылдың 22 шілде 2020 16:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда пневмония ауруымен көбінесе әйелдер ауырған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қала стационарларында жыл басынан бері 6175 пациент емделіп шықты.

«Блокпостарды алып тастағаннан кейін ауырғандар саны саны өсті. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келеді. Егер маусымда пневмониямен емдеуге жатқызылғандардың саны тәулігіне 300 адамға дейін жеткен болса,онда қазір емдеуге жатқызулар саны 2 есеге төмендеді және тәулігіне 133 адамнан аспайды» , - деді Камалжан Надыров.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде жағдайдың тұрақталғаны байқалады, ағымдағы айда өкпе қабынуы бар пациенттер саны 2 есеге төмендеп 1000-нан 480-ге дейін азайды.

«Статистика көрсеткендей, пневмониямен ауыратындардың жалпы санының 60% әйелдер. Сондай-ақ, жедел жәрдем қоңырауларының азайғаны байқалады. Егер аурушаңдық шыңында (маусымның соңы – шілденің басы) шақырулар саны 3000-ға дейін жеткен болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1800 жағдайдан аспайды», - деп толықтырды ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір Алматыда 9634 COVID-19 жағдайы тіркелген.

КВИ симптомдарымен үйде 2446 адам бақылауға алынған. Оның ішінде 1762 адам симптомсыз, 684 пациент симптоммен ауырған.


Жоғары қарай