Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Philarmonic New Year Fest бірінші қысқы фестивалі өтеді

2020 жылдың 19 желтоқсан 2020 09:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 85 жылдық мерейтойына арналған Philarmonic New Year Fest-2020 бірінші қысқы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Мерекелік марапаттау рәсімінен кейін, ашылу кеші ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің концертіне ұласады.

Фестивальдің мақсаты - әлемдік классикалық музыканың һәм ұлы Қазақ өнерінің рухани қарашаңырағына айналған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мерейтойын атап өту және 85 жыл ішінде осы ұжымда еңбек еткен ұлы есімдерді ұлықтап, музыка өнерінің озық үлгілерін насихаттау.

Айта кетейік, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 1935 жылдың 14 қаңтарында құрылған.

Тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып музыкатанушы, ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарған.

Сол күннен бері 85 жыл көлемінде филармония еліміздегі ең ірі мәдени орталықтардың бірегейі әрі Алматы қаласының тарихи сәулетті ғимараты.

Басталуы: 19 желтоқсан, 18.00


Жоғары қарай