Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 11:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өрт сөндірушілер өртенген пәтерден 3 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде 8 қабатты үйдегі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келген.

Өрт сөндірушілер келгенде 3-ші қабаттағы пәтерден қою түтін шығып жатқан.

«Астыңғы қабаттың тұрғындары үйлерінен шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер үйге кіргенде пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Төргі бөлмеде матрац өртенген. Қасында тағы екі адам мас күйінде жатқан», - деді ТЖД.

49, 33, 52 жастағы ер адамдар токсикология бөліміне жеткізілді. Қазір олардың жағдайы жақсы. Өрт 18 минутта сөндірілді.

ТЖД алматылықтарға төсекте жатып темекі шекпеуге кеңес береді.


Жоғары қарай