Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшы кранмен құтқарылды

2020 жылдың 6 маусым 2020 15:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшыны кран жүргізушісі құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару операциясы видеоға түсіп қалған.

«Кран жүргізушісі жұмысшыны соңғы секундта құтқарды»,- делінген постта.

Бұл шығыс айналма жолында салынып жатқан ғимарат болып шықты. Осыдан 1 күн бұрын бұл ғимараттан өрт шығып, газ баллоны жарылған болатын.

Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Өртті Алматы ТЖД тепловизиялық камерасы анықтаған.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай