Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 2 қазан 2019 22:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Алтын алма» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығының менеджері Күнсұлу Әбдікәрім айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме-жәрмеңке тақырыптық атаулар бойынша бір жылда төрт рет өтеді: көктемде – «Қызғалдақтар уақыты», жазда - «Жібек жолы», күзде - «Алтын алма» және қыста - «Шығыс базары».

«Алтын алма» көрме-жәрмеңкесі биылғы 4-6 қазан аралығында ұйымдастырылады.

«Мұндай шаралар Орталық Азия елдері арасында экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда үлкен маңызға ие. Алматы бір жыл ішінде бірнеше рет түрлі мемлекеттердің қолданбалы өнер шеберлерінің орталығына айналады», - деп атап өтті Орталық мемлекеттік музейдің баспасөз хатшысы Ақмарал Айдынбаева.

Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан,Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей мен Грузияның шеберлері жасаған түрлі бұйымдар мен кәдесыйлар қойылады. Атап айтсақ, киім-кешек, панно, гобелендер, киіз бен теріден жасалған бұйымдар, тоқылған заттар, зергерлік бұйымдар және тағы басқалары.

Ұсынылатын кәдесыйлардың негізгі тақырыбы – алмалар. Өйткені, алма – Алматының басты символы.

Сондай-ақ, декоративті-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтар өтетіні жоспарланған.

Фото: almaty.gov.kz

Жоғары қарай