Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті - дәрігер

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 14:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Бұл туралы онлайн брифингіде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қарлығаш Әдбіжаббарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі аптада 100 мың тұрғынға шаққанда апталық сырқаттанушылықтың артуы 6,5-нан 2 есеге дейін баяулады. Дегенмен, күнделікті өсім 0,97-ден 1,24-ке дейін көтерілді. Қаңтар айында КВИ ауруы: 1 аптада-1025 жағдай, 2 аптада – 6050 жағдай, 3 аптада-13133 жағдай, яғни 12,8 есе өскен.

«Дельта» штамынан кейін келген «омикронға» байланысты аурудың күрт өсуі орын алды, «омикрон» жұқтырған жағдайлардың саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін біртіндеп өсті. Айдың соңына қарай бір тәулікте 3 мыңға дейін ауруды тіркеу күтілуде»,- деді спикер.


Жоғары қарай