Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда нан бағасы қымбаттай ма

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 19:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық әкімдігінде қалада нан бағасының өсуі жайлы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қалада желтоқсан айына дейін нан бағасының өсуі болжанбайды. Қазіргі таңда Алматыда бір бөлке нанның (формалық) бағасы 75-90 теңге тұрады. Бұл — еліміздегі ең төмен бағалардың бірі.

«Бұл көрсеткішке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін істеліп жатқан шаралар арқылы қол жеткізілді. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-ға белгіленген шекті сату бағасы бір бөлке үшін 75 теңге деңгейінде әлеуметтік нан (формалық, 1-ші сұрыпты ұннан) өндіру үшін жеңілдікпен 1 млрд теңге сомасында қарыз берілді», - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, әкімдікте нанның төмен бағасы қалай қамтамасыз етілетіні айтылды.

«Нанның төмен бағасын қамтамасыз ету «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-мен жеңілдетілген қарыз туралы шарт жасасуға байланысты, сондай-ақ, барлық сауда желілерін, 3000-нан астам дүкендер мен дистрибьюторлардың көмегімен ішінара азық-түлік базарларын «Ақсай» өнімдерімен қамту есебінен жүргізілуде. Ұқсас жағдай, «Тоймарт» сауда желісімен сөредегі бір бөлке үшін бекітілген 75 теңге бағасымен 940 тонна нанды сату туралы келісім шарт жасалды», - деп толықтырды әкімдік.


Жоғары қарай