Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда мұқтаж отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлерді қолдау бағдарламасы жасалды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 16:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мұқтаж отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлерді азық-түлікпен қамту бағдарламасы жасалды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қалада әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған бағдарламаны бастадық. Бүгінде қалада ондай отбасылардың саны 18618. Олардың 9970-і әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы, 2585 адам жалғызбасты зейнеткер, 5143 отбасында 1-2 топтағы мүгедектер бар болса, 919 отбасы мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Алдағы уақытта бұл шеңбер кеңейетін болады», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, 25 наурыздан бастап арнайы call орталық құрылмақ.

Бұл орталыққа мұқтаж отбасылар хабарласып кеңес ала алады.

Әкімдік тарапынан ақпарат расталған жағдайда оларға антисептик, азық-түлік сияқты көмек жіберілетін болады.

«Қазір біз стандартты пакет дайындадық. Күніне мыңдаған пакет таратылатын болады. Қазір мұқтаж адамдардың тізімі жасалып жатыр. Қосымша тізімді қала тұрғыдарының өзінен күтеміз», - деді ол.


Жоғары қарай