Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда мониторинг тобы 80 адамдық үйлену тойын тоқтатты

2020 жылдың 18 қазан 2020 14:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының мониторинг топтары демалыс күндері мейрамхана жертөлесінде өткен үйлену тойы және 4 құдалықты тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары жалғасып жатыр. Басты міндет – коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Басқармаларының, кәсіпкерлер палатасының мамандары кіретін 26 мониторинг тобы күнделікті тексеру іс-шараларын жүргізіп келеді.

17 қазанда сағат 20.51-де Медеу ауданының мониторингтік тобы «Қазақстан» қонақ үйінің «Ball room» залында (жертөле қабаты) үйлену тойының үстінен түсті. Тойға 80-ге жуық адам жиналған. Келген қонақтар ғимараттан шығарылып, тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді.

Сонымен қатар, 17 қазанда Әуезов ауданында сағат 17:05 - те мобильді топ Ақсай 3, 14 а мекенжайындағы Інжу мейрамханасында құдалық боп жатқанын анықтады.

Бірінші қабатта - 40 адамға, екінші қабатта 50 адамға өткізілген. Сағат 17: 45 - те рейдтің мобильді тобы Шамгон Қажығалиева,15 мекенжайы бойынша орналасқан «Аделлина» мейрамханасында 50 адамға арналған құдалықтың үстінен түсті. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Жалпы, биылғы 8-16 қазан аралығында мониторингтік топтардың жұмысымен 1300-ден астам нысан қамтылды. Оның ішінде 314-інде заңбұзушылықтар анықталды. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыздағы №56 қаулысында уақытша тыйым салынған кәсіпкерлік объектілерінің қызметіне (түнгі клубтар, караоке, букмекер кеңселері, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары), сондай-ақ адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) өткізуге тыйым салынған.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға қатысты 35 әкімшілік хаттама жасалды.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға және жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады.

Ал бизнес субъектілері санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндеттеледі.


Жоғары қарай