Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді - Ләззат Жылқыбаева

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 12:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына көшеді.

Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласынының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13 қаңтардағы қаулысымен мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына көшеді. Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, атап айтқанда, оқушылар компьютерлер мен ноутбуктермен қамтамасыз етілген. Қалада интернетке қатысты жағдай тұрақты, мектептердің интернетке қосылуы қамтамасыз етілген»,- деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, ата-аналардың қосымша компьютер немесе ноутбукке, интернетке қатысты сұрақтары бойынша мектептің бірінші басшыларына немесе аудандық білім бөлімдерінің басшыларына хабарласа алады және олар аталған мәселелерді шешуге көмектесетін болады.

Бүгінде оқытудың платформалары анықталған (Online Mektep, Bilim Land, Microsoft Teams). Сонымен қатар, оқушыларға ыңғайлы болу үшін бұрын пайдаланған платформаларды мектептер өздері таңдап, оқыту барысында қолдана алады.

«Бізде қашықтан жұмыс істеу тәжірибеміз бар, мұғалімдер өткен жылы цифрлық сауаттылық курстарынан өтті және өз жұмыстарын онлайн режимінде жетілдіретін болады»,- деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.


Жоғары қарай