Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда медициналық маскалардың бағасы бірдей болады

2020 жылдың 13 наурыз 2020 20:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев медициналық маскалардың орташа бағасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бір-екі аптада қалада маска тапшы болды. Дәріханалармен байланыстамыз. Күн сайын ақпарат алып отырамыз. Әлі де тапшылық байқалады. Біз негізгі үлкен 20 дәріхана иелерімен сөйлестік, келістік. Олар нарықтың 70% қамтиды. Олар маскамен қамтамасыз етілген. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ «, – деді ол .

Оның айтуынша, тапшылық туралы ақпарат негізінен кешке уақытта пайда болады. Сондай-ақ, ол маскалардың орташа бағасын атады.

«Соңғы ақпаратқа сәйкес, масканың орташа бағасы 100-150 теңге аралығында «, – дейді Сапарбек Тұяқбаев.

Қазіргі уақытта дәріханалар мен әкімдік өзара меморандумға қол қойды, онда алдағы уақытта масканың бағасы барлық жерде бірдей болады делінген. Алдағы күндері нақты құны бекітіледі.


Жоғары қарай