Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда медицина қызметкерлерінің құрметіне мамыргүл көшеттері отырғызылды

2021 жылдың 10 сәуір 2021 11:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Төле би мен Масанчи көшелері қиылысындағы саябаққа 30 түп мамыргүл бұтағы отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға арналған ағаштар» жобасы аясында «Ізгі істер марафоны» ұлттық жобасы мен Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Алматыдағы Төле би мен Масанчи көшелері қиылысындағы саябаққа 30 түп мамыргүл бұтағын отырғызды.




Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған.

«Бұл жер алдағы уақытта мамыргүл паркіне айналады. Бұл акцияны коронавируспен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне арнадық. Мұнда мамыргүлдің «мейера» тұқымы отырғызылды. Бұл жоба еліміздің басқа да өңірлерінде қолға алынған. Қазір төрт жоба Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Атап айтар болсам, «Ұстаз алаңы», «Медицина қызметкерлерінің сквері», «8 наурыз аллеясы» және «Наурыз» аллеясы. Жобаның мақсаты – әр қазақстандықты елімізді көгалдандыруға жұмылдыру», - дейді Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілі Дина Даниярова.

Жобаның барлық қатысушыларының мақсаты – Экопаркті құру ғана емес, сонымен бірге, оның сапасын қолдау және одан әрі белсенді дамыту.

«Біз үнемі элеуметтік жобаларға қолдау көрсетеміз. Біздің мақсатымыз – адамдарға қуаныш сыйлау, басқаларға үлгі көрсету. Алдағы уақытта бұл саябақ қалалықтардың сүйікті орнына айналады деп ойлаймыз», - деді «Көркем телеком» ЖШС директоры Әсет Ахметов.

Айтылып өткендей, акцияға қатысқандар барлық санитарлық талапты сақтады.














Жоғары қарай