Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда мас жолаушы ұшақтан түсірілді

2021 жылдың 16 тамыз 2021 17:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлік полициясы Иордания азаматын Алматы-Шаржа рейсінен шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы әуежайындағы полицияның желілік бөліміне «Эйр Арабия» әуекомпаниясының өкілінен Алматы-Шарджа рейсінен құқық бұзушы анықталғаны туралы хабарлама түсті.Тексеру кезінде көлік полициясы 30 жастағы Иордания азаматын анықтады. Ол ұшақтан түсірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Медициналық тексерудің қорытындысына сәйкес, жолаушы мас болған.

«Жолаушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полициясы 27 760 азаматты әкімшілік жауапқа тартты, оның ішінде 2847 адам ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде болған.


Жоғары қарай