Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда мас адам ауруханада жанжал шығарды

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 11:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас адам жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінде жанжал шығарып, емдеу мекемесінің есігін сындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан мас ер кісінің екі полиция қызметкеріне бой бермей, аурухана күзетшісімен ерегесіп, балағаттағанын және аурухананың кіреберісіндегі орындықтардың жерде құлап жатқанын, есіктің сынғанын көруге болады.

Қалалық жедел жәрдем ауруханасының мәліметінше, 1997 жылы туған мас пациент амбулаториялық емделуге Медеу аудандық полиция басқармасынан жеткізілді. Оған оң жақ білегінің ашық жарасы диагнозы қойылған.

«Жараны таңып болғанан кейін ол шу шығарды. Дәрігерлерге дөрекі сөйлеп, аурухананың қабылдау бөлімінде тұрған заттарды лақтырды. Есікті сындырды, ол жөндеуге келмейді. Ауруханаға материалдық шығын келтірді. Ауруханаға жедел әрекет ету тобы шақырылды, оны ұстап полицияға тапсырды», - деп хабарлады ауруханадан.

Қалалық полиция департаменті Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл азаматты ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартқанын хабарлады.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай