Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 08:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді.

Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді.

Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.

Жарыс бағдарламасы: 14-15 желтоқсан - жаттығу

16 желтоқсан - жаттығу, жеребе

17 желтосан - жаттығу, жарыс

18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау


Жоғары қарай