Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен тағы 1678 адам ұсталды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 11:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы бүгінгі жағдай туралы мағлұмат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатура мәліметінше, Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1678 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Алматының шетінде орналасқан 5 блок- бекетте 38 адам ұсталды. «102» пультіне 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түсті. Барлық хабарлама өнделді»,- деді Алматы қаласының коменданты Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

« Мен Алматы қаласының коменданты ретінде азаматтарға үндеу жолдаймын. Араңдатушыларға ермей тек ресми деректерден алынған ақпараттарды қолданыңыздар. Заң талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - деді ол.


Жоғары қарай