Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 2886 тұрғын оқшаулау режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

2021 жылдың 4 қараша 2021 14:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үй карантиніндегі алматылықтар өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтамайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар көшеге шығып қана қоймай, сауда-ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға кіруге, тіпті әуе сапарларын жасауға тырысады.

«Карантин мен оқшаулау режимін сақтау әркімнің азаматтық міндеті. Өкінішке орай, әркім өзінің денсаулығы үшін, басқалардың әл-ауқаты үшін жауап беруге дайын емес. 9 сәуірден бастап біз «қызыл» мәртебесі бар 10 777 адамды және «сары» мәртебесі бар 1269 адамды анықтадық. Оның ішінде өзін - өзі оқшаулау режимін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 2886 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке және 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тартылды», - деді С. Байғабылов.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, Ashyq жобасын енгізудің негізгі мақсаты - жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруын болдырмау. Бүгінгі таңда Ashyq қосымшасын ғана емес, сонымен қатар, Аitu платформасы мен бірнеше банкті де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, қалада мониторингтік топтар қарқынды жұмыс істеуде. Алматының санитарлық дәрігерінің мәліметінше, биыл 44 мыңнан астам нысан тексеріліп, 4 300-ден астам нысан бұзылған.

«Карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін 747 заңды тұлғаға 260,7 млн теңге көлемінде айыппұл, маска режимін бұзғаны үшін 5870 тұрғынға 258,3 млн теңгеге айыппұл салынды», - деді С. Байғабылов.

Әкімшілік соттардың шешімі бойынша карантиндік шараларды қасақана бұзған 44 объектінің қызметі тоқтатылды, соттарда тағы жеті іс қаралуда.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге, әуежай мен теміржол вокзалының аумағына тексеріс жүргізілуде.


Жоғары қарай