Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 17:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзған.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 235 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Карантин, Қоғам,
Жоғары қарай