Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда қылмыскерлер шетелдікті босату үшін 40 мың доллар талап еткен

2020 жылдың 10 наурыз 2020 20:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ұрланған 27 жастағы Тәжікстан азаматын босату бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға оның ұрланғаны туралы шағымды танысы түсірген. Ер адамның айтуынша, оның ұрланғанын жұбайы бірінші білген. Адам ұрлаушылар күйеуін босату үшін әйелге хабарласып, 40 мың доллар сұраған. Әйел ақшаның бір бөлігін қылмыскерлерге беріп үлгерген.

«Оқиға туралы белгілі болғаннан кейін жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше сағат өткен соң күдіктілердің кім екені, сондай-ақ ұрлап әкеткен адамның қайда екені белгілі болды. Операция сәтті өтіп, Тәжікстан азаматы босатылды», - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының үш тұрғыны ұсталды, оның екеуі бұған дейін істі болған. Зардап шегушіні ұстап отырған жерден тәртіп сақшылары травматикалық тапанша, патрондар және есірткі тапқан. Сәйкес сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша бірден бес қылмыстық іс қозғалып жатыр: ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі – адам ұрлау; ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігі – заңсыз бас бостандығынан айыру; ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі – бопсалау; ҚР ҚК 287-бабы – заңсыз қару сақтау; ҚР ҚК 296-бабы – заңсыз есірткі құралдарын сақтау.

«Күдіктілер қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады Берік Әбілбеков.


Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай