Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 10:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2020 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, денсаулыққа ауыр зиян келтіру - 29,1 %, зорлау - 2,4%, біреудің мүлкін ұрлау - 2,5%, көлік ұрлығы - 36,1%, пәтер тонау - 3,6 %, алаяқтық - 18,6%, ал тонау - 2,2 есе азайған.

Қарақшылық шабуыл - 2%, бұзақылық - 2,2% кеміген.

Қылмыстың барлық түрі бойынша ашу көрсеткіші жақсарды.

«Барлық бағыттар бойынша қылмыстың ашылуы - 11,7%, қатты ауыр – 7%, ал жеңіл және орташа ауыр қылмыстардың ашылуы – 6,2% жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзу фактілерінің саны - 4,2 есе, қоғамдық орында - 3,4 есе азайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде қарақшылықпен айналысқан 15 топтың, 53 – қарақшылықтың, 40 – пәтер тонауымен айналысқандардың, 15 – автокөлік ұрлығының, 85 – қоғамдық орындағы жеке меншікті ұрлаумен айналысқандардың қылмыстық әрекеті тоқтатылды», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Алматыда күніне орта есеппен 1650 полиция қызметкері 550 мың криминогендік маршрутты күзетуге шығады.

Оның 1110-ы - жаяу, 540-ы - автокөлікпен.


Жоғары қарай