Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр

2020 жылдың 6 тамыз 2020 15:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында» жас босанған ана ауыр халде жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында орталықтың директоры Ғани Бодықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде босанғаннан кейінгі инфекциялық бөлімде бір ана орталықтың жансақтау бөлімінде екі жақты пневмониямен қоса преэклампсияның ауыр дәрежесімен жатыр. Қазір жағдайы тұрақты, өздігінен тыныс алып жатыр. Жүкті әйелдерде пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеудің қиындығы, жүктілік ауыр акушерлік патология аясында өршіп кететіндігінде. Сонымен қатар жұқпалы аурудың ұрыққа жұқтырудың өте жоғары екендігін есте ұстау керек», - деді Ғани Бодықов.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында ЖРВИ немесе COVID-19 белгісрі бар емделушілерге арнап инфекциялық-диспансерлік бөлім ұйымдастырылды. Ол жеке қабылдау бөлімшесі бар бөлек екі қабатты ғимаратта орналасқан.

«Онда жекеленген босануға дейінгі және босану бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, 5 реанимация және неонатальды бөлім кіреді. онда кез-келген клиникалық жағдайға арналған жабдықтар және шығын материалдарымен толық қамтамасыз етілген, қажет болса хирургиялық көмек көрсету шарасы да қарастырылған. Бөлімде анестезия және тыныс алу аппараттары, оттегі пункті, босану және операциялар үшін функционалды кереует, төтенше жағдайда көмек көрсетуге арналған жинақтармен (акушерлік қан кету, преэклампсия, анафилактикалық шок, неонатальды реанимация) жабдықталған», - деді спикер.

Директордың айтуынша, екі аптада бұл бөлімде 41 сырқат емделген. 16 ана босанып, оның ішінде 9 нәресте кесар тілігі арқылы дүниеге келді. Жалпы 33 науқас толық ем алып жазылып шықты. Нәрестелер арасында ПТР талдауы барлығында теріс шыққан.


Жоғары қарай