Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда құрылыс жұмыстарынан соң учаскені жинамаған мердігер компания жауапқа тартылды

2020 жылдың 19 қазан 2020 22:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әуезов ауданы Лодыгин көшесінің тұрғындары «Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалына шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол төсемі мен тротуарларды ауыстыру жұмыстарына байланысты қолайсыздықтар, атап айтқанда, зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 мектеп-интернатына қарама-қарсы пайда болған алдыңғы асфальт жамылғысының биік үйінділері себеп болды.

«Ұзақ жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда зағип және нашар көретін балалар оқиды, барлығына жүру өте қиын», - дейді аудан тұрғыны Руслан Иванов.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Ержан Жұмағұлов пен мониторинг тобының қатысушылары бірқатар маңызды ескертулерді анықтады. Мысалы, жол төсемін фрезерлегеннен кейін жол учаскесі дер кезінде ретке келтірілмеген.

Ал қалған артық топырақ пен асфальт кесектері мамандандырылған мекеменің жанында екі аптадан астам уақыт жатқан.

«Сигналдық ленталардың болмауынан жаяу жүргіншілер әртүрлі дәрежедегі жарақат алуы мүмкін»,- деді Жұмағұлов учаске бастығына.

Қалалық Мобильділік басқармасы көше жол желісін дамыту бөлімінің басшысы Нұрзат Ордабаев журналистерге жөндеу жұмыстары барысында мердігердің жіберген заңбұзушылықтарын растады. Ұзындығы 750 метр Лодыгин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары Щепкин көшесінен Пятницкий көшесіне дейін созылған.

Техникалық кеңестің қорытындысы бойынша барлық анықталған ескертулерді жою және жұмыстарды осы айдың соңына дейін аяқтау туралы шешім қабылданды.


Жоғары қарай