Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда қойма өртеніп жатыр

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түрксіб ауданында орналасқан макулатура қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 Г мекенжайында өрт шықты. Қазір онда өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жаумен күресуде.

«Алдын ала мәлімет бойынша өрт макулатура қоймасынан шыққан. Оқиға орнына 15 техника, жеке құрамнан 60 адам және 2-ші өрт сөндіру бөлімінің 30 тонналық автопойызы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға жайылып кетпеуі әрекеттер жасалып жатыр. Өрт сөндіру оқпандары, сондай-ақ гидранттарға автоцистерналар орнатылды»,– деп хабарлады ТЖД.





Жоғары қарай