Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда көше фотографтарының көрмесі өтеді

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көше фотографтарының «Алматы. Шығарылған таспа» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімдігі және «Еуразиялық Мәдени Альянс» ҚБ бірлесіп алматылық көше фотографтары Алим Хайдаров пен Бауыржан Сәбитовтің көрме-диалогын ұсынады.

Көрменің кураторы, философ Ольга Веселованың айтуынша, кадрларда фотографтар қала өмірін әр қырынан көрсетеді. Шеберлердің шығармаларында жалпы сюжет қана емес, сонымен бірге туған қаласына деген үлкен сүйіспеншілік көрсетіледі.

«Алим Хайдаров бүкіл өмірін селдің алдын алуға және зерттеуге арнады. Бұл жұмыс Алматы үшін Іле Алатауы тауларына жақын орналасқандықтан өте маңызды. Кәсіби қызметімен қатар, Алим Хайдаровты өзінің туған жері Алматының тіршілігі де аса қызықтырды. Бұл геологтың фотомұрағатында қамтылған. Верныйдың ағаш аулаларының тарихы, бізге бұрыннан таныс Алматының романтикалық құрылысы, қазір мегаполистің көшесіне айналған қаңырап жатқан дала. Бұл сюжеттер Алим Хайдаровтың фотографиялық әсерлерімен баяндалады»,– деді Ольга Веселова.




Сонымен қатар, көрмеде қаланың соңғы бірнеше онжылдық тарихын заманауи суретші Бауыржан Сәбитов таныстырады.

Жоба дәстүрлі түрде қала күніне орайластырылатын бірқатар мерекелік іс-шараларды ашатын ARTBAT FEST X заманауи өнер фестивалі аясында жүзеге асырылады.

Көрме мемлекеттік «Almaty Gallery» көркем сурет галереясында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын сақтау үшін галерея кеңістігінде бір мезгілде 15 адам ғана кіретінін айтты.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай