Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда короновирус жұқтырған 825 адам үйінде ем қабылдап жатыр

2020 жылдың 14 тамыз 2020 13:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта 825 адам үйінде емделіп жатыр. Олар медициналық бақылауға алынған. Барлығы жеңіл дәрежелі науқастар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен айда осы санаттағы науқастардың саны шамамен 3 есеге азайды және төмендеу жалғасып келеді. Індет өршіген тұста 2 450-ден астам науқас үйден ем алған болатын. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде COVID-19 вирусы және пневмониямен емхана көмегіне жүгінгендер 36%-ға азайды. Шілде айының ортасында қалалық емханаларға 1 300-ден астам науқас жүгінген, бүгінде емханаларға тәулігіне COVID-19 вирусынан сезіктенген 450-ке жуық пациент келеді», - дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, ол ауру көрсеткішінің төмендеуіне қарамастан, COVID-19 вирусымен күрес бойынша медициналық- санитарлық алғашқы көмек деңгейіндегі жұмыстар жалғасын табатынын айтты. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде барлығы 74 медициналық ұйым құрылған. Оның 39 мемлекеттік емхана және 35 жеке меншік ұйым. МСАК ұйымдарында 9 914 медициналық қызметкер жұмыс істейді.Оның 2 712 дәрігер. МСАК ұйымдарына 2 035 366 адам тіркелген»,– деді ол.

Емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілді. Олардың саны 5 есеге артып, 409 бригадаға жетті. Онда 925 медицина қызметкері жұмыс істейді.

«Өздеріңіз білетіндей, шілде айынан бастап науқастарды мониторингілеу орталығы жұмыс істей бастады. Бұл ретте бірінші айдың қорытындысы бойынша қауіп тобындағы амбулаториялық 1 500-нан астам науқасқа кеңес берілді. Бүгінгі жұмыс бойынша COVID-19 вирусына оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастарға назар аударамыз, жоспарлы ауруханаға жатқызу тоқтаған жоқ, барлық медициналық ұйымдар жұмыс істеп жатыр», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.


Жоғары қарай