Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны күрт өсті

2021 жылдың 24 маусым 2021 19:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияны анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізетіні белгілі. Бүгінгі күні сырқаттанушылықтың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) тіркелді, жалпы алғанда «дельта» (үнді) штаммының оң сынамалардың үлес салмағы 23% - ға дейін өсті»,- деп хабарлады ведомствадан.

Егер Алматы қаласында «дельта» (үнді) штаммы бұрын бір сынамада анықталған болса, қазіргі динамикада 3 тәулікте 10 сынамаға дейін ұлғайды.

«Осыған байланысты, біз қала тұрғындарына бұрында айтқанбыз және қайта ескертеміз: саналы түрде COVID-19-ға қарсы екпе алу керек. Тағы бір рет еске салсақ, «дельта» COVID-19 штаммының халық арасында таралуы ауруханаға жатқызу және өлімнің жоғарылау қаупіне әкеледі. Сондықтан маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халық көп жиналатын орындар мен іс-шараларға барудан қатаң сақтану керек»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда үнді штамы 37 жастағы әйелден анықталды. Ол туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Ал, бүгін оның баласынан анықталды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Коронавирус,
Жоғары қарай