Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирустың таралу деңгейі 7 есе төмендеді

2020 жылдың 14 тамыз 2020 12:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда онлайн-брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері наурыз айынан бастап Алматы қаласында COVID-19-дың 13 742 жағдайы тіркелді.

«Соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді. Егер шілде айының соңында тәулігіне 271 жағдай тіркелген болса, бүгін 40 жағдай анықталды. Коронавирустан қайтыс болған адамдар саны – 195. Барлығы 9 306 науқас сауығып шықты. Бұл, індетті жұқтырғандардың 68% жазылды деген сөз», - деді Камалжан Надыров.

Басқарма басшысы бүгін стационарлардың жүктемесі 19% аспайтынын айтты.

«Қазір тәулігіне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Салыстырмалы түрде бір ай бұрын ғана стационарларға 417 науқас түсіп отырған. Жалпы, Алматыда 5781 орын даярланған», - деді К.Надыров.


Жоғары қарай