Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны 2 есе өсті

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 10:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Қала «қызыл» аймақта. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша «омикрон» штамының пайда болуына байланысты қала тұрғындары арасында күн сайын вирус жұқтырушылар саны артып келеді.

«Омикрон штамының «дельта» штамын ығыстыруына байланысты вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Оны тәуліктік өсімнен байқауға болады. Соңғы күндері коронавирус жұқтырған адамдардың саны 2500-ге жетті. Қаңтар айының соңында бір күнде 3 мыңға жетеді деген болжам бар»,- дейді Алматының бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар, ол мегаполисте коронавирусты қайта жұқтырғандар саны артқанын жеткізді.

« Алматыда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны соңғы аптада екі есе өсті. Жыл басынан бері 16 есеге артқан. Айта кету керек, бұл адамдардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған», - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.


Жоғары қарай