Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаражат тексеріліп жатыр

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 15:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифинг барысында коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпарат Facebook желісінде тараған болатын. Ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері басқарма офисіне келіп, компьютерлерді тәркілеп алып кеткен.

«Иә, шынымен COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын. Сауалдарыңызды құқық қорғау органдарына қойғандарыңыз абзал», - деді басқарма басшысы.

Камалжан Надыров басқарманың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«Бұл - қалыпты жұмыс процесі. Құқық қорғау органдары бюджет қаражатының қай мақсатта жұмсалғанын тексеріп жатыр. Ал біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз», -деді ол.


Жоғары қарай