Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавируспен күреске 89,4 млрд теңге жұмсалды

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 16:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда COVID-19-бен күресу үшін 89,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әкімдігі үшін - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдықтардың бірі. Коронавирус індетімен күресу үшін 89 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл тек бюджеттің ақшасы емес, бізге бизнес көмекке келді»,– деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, бұл ақша жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына және жалпы қалалық зертханалық желіні орталықтандыруға жұмсалды. ПТР зерттеуінің тәуліктік қуаты 14 мыңға дейін ұлғайтылды, оны тәулігіне 25 мыңға дейін арттыруға болады.

Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылданды. Биыл қалада 11 дәрігерлік амбулатория салынды, келесі жылы тағы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.


Жоғары қарай