Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген

2020 жылдың 3 шілде 2020 16:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавируспен күреске бөлінген 12,2 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі игерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдеде қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңге болды, оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген», - деді Қоғамдық кеңес отырысында Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған ақпаратқа сәйкес коронавирусқа қарсы Алматыда жеке қорғаныс құралдары сатылып алынған, аурухана салынған. Сондай-ақ, көлік құралдарын, подьездер мен аулаларды зарарсыздандыру жүргізілген. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін, эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды орналастыруға қаражат жұмсалды.


Жоғары қарай