Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның 166 мың дозасы бар

2021 жылдың 10 маусым 2021 12:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 631 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 9 маусым күні 3 631 алматылық вакцина салдырды.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 маусымы аралығында қалада барлығы 325 131 адамға екпе салынды. Оның ішінде 5 154 полиция қызметкері, 24 421 мұғалім, 29 634 медицина қызметкері бар.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер – 30 954.

Екпенің екі компонентін 210 620 адам алды.

Қалада 208 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді.

«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 55 424 дозасы және екінші компоненттің 111 195 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай