Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендемей тұр

2021 жылдың 23 тамыз 2021 21:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтыру 10,5 мыңнан 10,9 мың жағдайға дейін өсті. Бұл туралы КВИ таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполисте симптомды аурулардың үлесінің артуы байқалды, ол соңғы аптада 94,2%-ды құрады.

Бүгінде ковидтік стационарларда 6 602 адам жатыр, оның 182-сі бала. 300-ге жуық науқастың жағдайы өте ауыр, тағы 464-і реанимацияда, 2511-інің халі нашар.

20-39 жас арасында дертке шалдыққандар жоғары - 33,5%, 40-59 жас арасында - 25,2%, 60 жастан асқандар арасында - 23, 1%. Қалған 18% - балалар мен жасөспірімдер.

Коронавирустың таралуына әсер ететін факторлар – туыстармен, достармен және жұмыстағы байланыс. Бүгінде Алматыда КВИ инфекциясын жұқтыратын бес орын анықталған, олар мыналар: сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13%.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, құқықбұзушылық азаймай отыр. Кейбір Алматы тұрғындары барлық талаптарды елемей, түрлі мерекелер ұйымдастырып, бұқаралық шаралар өткізеді.

Осылайша, қала тұрғындары өздерінің денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіруде.

Амбулаторлық емделетін науқастардың өзін-өзі оқшаулауына ерекше назар аудару қажет. Індет жұқтырған 143 030 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының бақылауында.


Жоғары қарай