Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азаймай отыр - Бекшин

2020 жылдың 3 маусым 2020 16:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда вирус жұқтырғандардың саны азаймай отыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында вирусты сырттан әкелгендердің үлесі - 3,7%. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус табылды, ол - барлық науқастардың 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендер үлесі - 3,3%, байланыста болғандар – 1842 адам, яғни 67,8%. 1647 адам немесе пациенттердің 60% жазылып, үйіне шықты», - дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам бар. Қалада індет жұқтыру фактілері азаймай отырғандықтан карантин шаралары сақталады.


Жоғары қарай