Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 719 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 690, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 83, келіп түскені – 211.

«Инфекциялық стационарларда 3 383 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230 ), оның ішінде 107 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 316 адам жатыр.

Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 120 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 107 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 934 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 730 науқас. 204 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай