Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 98 бала ауруханада жатыр

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 11:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2 219 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 547 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 506, симптомсыз – 41 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 229, келіп түскені – 210

«Инфекциялық стационарларда 2 219 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 98 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 223 адам жатыр.

Ал 49 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 91 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 65 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5047 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4898 науқас. 149 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай