Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 287 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3078 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 611 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 576, симптомсыз – 35 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 570, келіп түскені – 287.

«Инфекциялық стационарларда 3 078 адам емделіп жатыр (төсек-орынның жалпы саны –5 230), оның ішінде 91 бала бар», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 287 адам жатыр. Ал 49 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 112 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 106 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 628 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 439 науқас. 189 адамда коронавирус белгісі жоқ.

Жоғары қарай